28.01.2011, 13:56 3858

Қазақстанда бір тәулік ішінде алты адам қызыл жалын құрбаны болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде алты адам қызыл жалын құрбаны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда бір тәулік ішінде алты адам қызыл жалын құрбаны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 23.57 Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, тілсіз жау 57 минуттан кейін сөндірілген. Өрт сөндірілгеннен кейін үйден 54 және 43 жастағы екі ер азаматтың денелері табылған.

Сонымен қатар, кеше сағат 09.04 Ақтөбе облысының Шибаевка аулындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрт 26 және 27 жасар екі адамның өмірін қиған.

Сондай-ақ, кеше Жамбыл облысының Тараз қаласы мен Павлодар облысының Пятерыжск аулындағы үйлерде өрт шығып, соның салдарынан 47 және 82 жастағы екі адам мерт болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны