10.08.2011, 11:20 2709

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде төрт адам қызыл жалынның құрбаны болды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте республика аумағында бірнеше өрт тіркеліп, 4 адам қаза тапқан.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда бір тәуліктің ішінде төрт адам қызыл жалынның құрбаны болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте республика аумағында бірнеше өрт тіркеліп, 4 адам қаза тапқан.

Атап айтқанда, кеше Алматы қаласының Түрксіб ауданында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, ол көршілес салынып жатқан үйді шарпыған. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау 1 сағат 40 минутта сөндірілді. Өрт орнынан 80 жастағы әйел мен бір азаматтың денесі табылды.

Сондай-ақ, Атырау қаласында "Көктем" сауда орталығы өртенді. Соның салдарынан ғимараттың 2 және 3 қабаттары толығымен жанып кетті. Өрт 1728 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Сонымен қатар осы облыстың Махамбет ауданында жеке тұрғын үй өртенді. Жарты сағатта сөндірілген өрт 2 шаршы метрге жайылған. Өрт орнынан 52 жастағы азаматтың денесі табылды.

Семейде 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, араға 3 сағат уақыт салып барып сөндірілді. 40 шаршы метр аумаққа жайылған өрт орнынан бір адамның денесі табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны