29.12.2009, 13:52 2798

Қазақстанда кейінгі бірнеше күнде бес адам үкіметтік нөмірі бар көліктердің қатысуымен болған жол апаттарынан қаза тапты - телеарна

Қазақстанда кейінгі бірнеше күнде бес адам үкіметтік нөмірі бар көліктердің қатысуымен болған жол апаттарынан қаза тапты - телеарна

Алматы. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда кейінгі бірнеше күнде бес адам үкіметтік нөмірі бар көліктердің қатысуымен болған жол апаттарынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Үкіметтік көліктер адамдарды өлтіруде. Кейінгі екі күнде бірден бес адам ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне тиесілі қымбат джиптердің қатысуымен болған жол апаттарынан қаза тапты ", - деп хабарлайды телеарна.

Атап айтсақ, КТК-ның мәліметінше, "өткен демалыс күні бір отбасы толығымен қаза тапты, олардың автокөлігі мемлекеттік нөмірі бар "Лексуспен" соқтығысқан.

"Тағы бір апат кеше таңертең ерте болды: мемлекеттік нөмірі 063 ADM жол талғамайтын "Тойота Лэнд Крузер" көлігі Астананың орталық даңғылдарының бірінде екі медбикені қағып кеткен. Олар қаза тапты. Джиптің жүргізушісі ұсталды, қазір ол тергеу абақтысында отыр. Қылмыстық іс қозғалды, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген сюжетте.

Бұл автокөліктердің дәл қандай мемлекеттік шенеуніктікі екені айтылмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны