29.12.2007, 10:48 2653

Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды - ТЖМ

Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды - ТЖМ

Астана. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Гайрат кентінде тоғыз пәтерлі бір қабатты үйде шыққан өртті сөндірген кезде 41 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 7 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, Астанада жай үйде 300 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 60 адамы мен 9 техникасының күшімен сөндірілді.

Қарағандыда 28 желтоқсанда "Таис" ЖШС-нің баспаханасында 40 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 3 адам ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 50 адамы мен 9 техникасының күшімен сөндірілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны