12.12.2007, 10:40 1444

Қазақстанда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Қазақстанда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, Астанада "Ақмола-строй" корпорациясы ЖШС-нің гаражында "Мерседес" маркалы жанармай тасушы көліктің дөңгелегі жанып, өрт 4 шаршы метр аумақты құрады. Соның салдарынан 36 жастағы көлік жүргізушісі күйікке шалдығып ауруханада қайтыс болды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 6 техникасының күшімен сөндірілді.

Алматыда 11 желтоқсанда "Орнат" дәмханасында асханада шыққан өрт шатырға қарай ойысып, жалпы аумағы 70 шаршы метрді құраған өрт шықты. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны