11.12.2007, 10:25 1659

Қазақстанда өрттердің салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі күйікпен ауруханаға жатқызылды

Қазақстанда өрттердің салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі күйікпен ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі күйікпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметіне сәйкес, Петропавловск қаласында барак үлгісіндегі көп пәтерлі үйде 90 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 61 жастағы еркектің мәйіті табылды. ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 26 адамы мен 5 техникасының күшімен өрт сөндірілді.

Сонымен бірге, 11 желтоқсанда 02 сағат 51 минутта Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимский кентінде 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ, Алматыда көп пәтерлі тұрғын үйде өрт салдарынан күйікке шалдыққан әйел ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны