12.07.2010, 14:30 2948

Қазақстанда өткен тәулікте алты дала өрті болған

"2010 жылдың 9-шілдесінде сағат 16.38 Ақтөбе облысы Жабасақ ауылдық округінде дала өрті орын алған. Тілсіз жау 1200 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 05.57 ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 қызметкері мен 1 техникасы және қатарында 15 адам мен 3 техника бар ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылды",- деп хабарлады ТЖМ.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанда өткен тәулікте алты дала өрті болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2010 жылдың 9-шілдесінде сағат 16.38 Ақтөбе облысы Жабасақ ауылдық округінде дала өрті орын алған. Тілсіз жау 1200 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 05.57 ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 7 қызметкері мен 1 техникасы және қатарында 15 адам мен 3 техника бар ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылды",- деп хабарлады ТЖМ.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 10.10 Ақтөбе облысы Қаратөбе елді-мекенінде дала өрті орын алған. Тілсіз жау 90 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 18.00 ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері мен 3 техникасы және де 17 ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылған.

"2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 13.55 Ақтөбе облысы Бесқопса ауылдық округінде дала өрті орын алған. Тілсіз жау 150 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 23.00 ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері мен 1 техникасы және қатарында 5 адам мен 1 техника бар ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылды",- деп хабарлады ТЖМ.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 16.00 Ақтөбе облысы Айке ауылдық округінде дала өрті орын алған. Тілсіз жау 400 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 23.10 ауыздықталды. Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техникадан тұратын ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылған.

"2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 16.00 Ақтөбе облысы Теміртау ауданында дала өрті орын алған. Тілсіз жау 150 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 23.50 ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері мен 1 техникасы және қатарында 20 адам мен 3 техника бар Теміртау ауданының ерікті өрт сөндірушілері жұмылдырылды",- деп хабарлады ТЖМ.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 12.25 ОҚО Ордабасы ауданында дала өрті орын алған. Тілсіз жау 62 гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 2010 жылдың 11-шілдесінде сағат 14.49 ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасы және де құрамында 11 адам мен 4 техникасы бары ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны