03.06.2009, 09:44 1184

Қазақстанда өткен тәулікте жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 10-ы жараланды

Қазақстанда өткен тәулікте жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 10-ы жараланды

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәулікте жол апаттарынан 8 адам қаза тауып, 10-ы жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше сағат 15.00-де Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы - Бішкек тас жолының 96-шы шақырымында "Мерседес" және "Ауди" көліктері соқтығысты. Жарақат салдарынан 25 жастағы "Ауди" жүргізушісі ауруханада қаза тапты. "Мерседестің" жүргізушісі мен "Аудидің" бес жолаушысы, соның ішінде үш жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, кеше сағат 19.30-да Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск ауданында Путинцево - Бобровка тас жолының 30-шы шақырымында "Урал" көлігінің 43 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан оның көлігінде отырған 25 және 53 жастағы екі жолаушы оқыс оқиға орнында қаза тауып, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, бүгін сағат 01.05-те Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында Алматы - Термез тас жолының 780-ші шақырымында "Опель" көлігінің 18 жастағы жүргізушісі ағашқа соғылды. Соның салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы да екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны