28.07.2008, 11:22 1186

Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті

Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәуліктерде тоғыз адам суға кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырауда Орал арқылы өтетін темір жол көпірінің маңында 27 шілдеде сағат 21.50-де 23 жастағы жігіт суға кетті; Орал өзенінде "Атырау" ФОК маңында 27 шілдеде 22 жастағы жігіт суға кетті; Орал өзеніне Ақжар ауылы маңында 26 шілдеде сағат 22.30-да 45 жастағы жігіт суға кетті; Қарағанды облысының Қазыбек би ауданында Федоровский су қоймасына 27 шілдеде сағат 13.25-те 18 жасар бозбала; Қарағанды облысының Жарқайың ауданы Самарка ауылында Сатпаев атындағы каналға 26 шілдеде сағат 21.40-та 32 жастағы жігіт; Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданы Ботақара ауылында Молқарасу өзеніне 26 шілдеде сағат 22.00-де 21 жастағы жігіт; Қостанай облысының Рудный қаласында Тобыл өзеніне 27 шілдеде сағат 12.10-да 36 жастағы жігіт; Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы Восточный кентінде Ертіске 27 шілдеде сағат 16.00-де 16 жасар бозбала; Қызылордада "Шіркейлі" каналына 27 шілдеде сағат 14.30-да 10 жасар қыз суға кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны