10.04.2008, 14:28 3226

Қазақстанда үш айдың ішінде өрт салдарынан 120 адам қаза болды

Қазақстанда үш айдың ішінде өрт салдарынан 120 адам қаза болды

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда үш айдың ішінде өрт салдарынан 120 адам қаза болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратты басқару және қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы Любовь Шапошникова хабарлады.

Ол атап өткеніндей, "жыл басынан 3,5 мың өрт өршіп, соның салдарынан 123 адам қаза тауып 175 адам түрлі жарақат алды". ТЖМ ақпараты бойынша өрт кесірінен келтірілген материалдық шығын көлемі 1 млрд 107 млн теңгені құрады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, өткен жылы республика бойынша 19 мың өрт көзі тіркеліп, оның 68% жеке тұрғын үй секторында орын алған. Келтірілген шығын мөлшері 4,5 млрд теңгені құрады. 2007 жылы өрт салдарынан 606 адам қаза болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны