12.07.2006, 13:45 3102

Қазақстандық шекарашылар Ресейге 34 килограмм апиын алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

АЛМАТЫ. 12-шілде. Kazakhstan Today. Павлодар облысындағы “Ертіс автокөлік” атты шекаралық өткелек қызметкерлері Ресейге 34 килограмм апиын алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстаннан Ресейге бет алған “Мерседес” автокөлігі “Ертіс автокөлік” шекаралық өткелегінде тексеруден өту үшін тоқтаған. Тексеру кезінде шекарашылар автокөліктің қос түбі бар жанармай құятын құтысынан 34 килограмм салмағы бар шикі апиын тапты.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Автокөліктің тізгінінде отырған Қазақстан азаматы тұтқындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны