09.09.2010, 11:34 3100

Қазақстаннан шыққан орман өрті Алтай өңіріне ұласады деген қауіп сейілді

Қазақстаннан шыққан орман өрті Ресей аумағына, атап айтқанда Алтай өңіріне ауыз салады деген қауіп сейілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Вести.Ru сілтеме жасай отырып.

Алматы. 9 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстаннан шыққан орман өрті Ресей аумағына, атап айтқанда Алтай өңіріне ауыз салады деген қауіп сейілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Вести.Ru сілтеме жасай отырып.

"Қазақстанда өрттің екі ошағы ғана қалды. Ресейдің ТЖМ мен Қазақстанның ТЖМ бөлімшелерінің күшімен Қазақстаннан шыққан орман өрті Алтай өңіріне аусыу қауіп сейілді",- деп хабарлады Ресейдің ТЖМ ақпарат басқармасының бастығы.

Кеше Алтай өңірінің Михайловка ауданында Николаевка аулы түгелдей өртеніп кеткен болатын. 300 жуық үй өртеніп, мыңнан астам адам панасыз қалған.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның Павлодар облысында шыққан өрт алты адамның өмірін қиған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны