24.09.2010, 14:26 2995

Қазақстанның батыс аймақтарында қатты жел соғып, найзағай шарпып, жаңбыр жауады деп күтілуде

Қазақстанның батыс аймақтарында қатты жел соғып, найзағай шарпып, жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 24 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның батыс аймақтарында қатты жел соғып, найзағай шарпып, жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазгидрометтің" хабарламасында, қыркүйектің 24-і күні Қазақстанның шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болатындығы атап көрсетілген. Батыс өңірлер арқылы циклон мен суық атмосфералық ағымдардың ығысуы болып, бұл аймақтарда қатты жел соғып, найзағай шарпып, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел болжануда, күндіз Қостанай облысында оның күші секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының кейбір аумақтарында ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде таңертең тұман күтілуде.

Сонымен қатар "Қазгидрометтің" хабарлауынша, бүгін Қазақстанның оңтүстік, орталық, шығысы мен оңтүстік-шығысының кейбір аумақтарында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ, болжам бойынша, алдағы тәуліктерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс болмайды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны