13.09.2011, 11:50 2573

Қазақстанның солтүстігінде егіс алаңында шыққан өрт 100 гектар аумақты шарпыған

Жалын 100 га бидай егісін жалмап кетті. Өрт сағат 19:40-та өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның солтүстігінде егіс алаңында шыққан өрт 100 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында Троицкое ауылынан 65 шақырым жердегі дәнді дақыл егістігінде өрт шыққан. Бұл туралы ҚҚ ТЖМ баспасөз қызметі хабарлаған.

"Жалын 100 га бидай егісін жалмап кетті. Өрт сағат 19:40-та өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны