28.12.2007, 16:11 2884

Кентаудың қасында үш барымташы бір малшыны өлтіріп 200 малды айдап әкетті

Кентаудың қасында үш барымташы бір малшыны өлтіріп 200 малды айдап әкетті

Шымкент. 28 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Кентаудың қасында үш барымташы бір малшыны өлтіріп, 200 малды айдап әкетті. Бұл туралы бүгін брифингте, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

"Қарнақ ауылынан бірінеше шақырымдағы сайлар арасында омырауына атылған оқтан жараланып өлген әр адамның мәйіті табылды", - деп хабаралды баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қаза болған 36 жастағы Өзбекстан азаматы Қазақстанда жалданып жұмыс істеген. Ол Түркістан тұрғындардың бірінің малын бағып, бақташы ретінде жұмыс істеген. Шұғыл уәкілдер анықтағанындай, бақташы баққан 200 қой мен ешкі жоқ болған.

Күдік бірнеше рет сотталған 33 жастағы Қырғызстан азматына түсті. Ол осы жылдың тамыз айының аяғында екі аптадай бақташының көмекшісі болып жұмыс істеп, кейін кетіп қалған.

Жуырда күдікті қолға түсіріліп, барлық мән-жайды жайып салды.

Құрықталған азаматтың сөздеріне қарағанда, ол Кентаудың 20 және 35 жастағы екі танысымен малды ұрлау үшін, бақташыға шабуыл жасаған.

"Қылмысқа олар жіті дайындалып, отар мен шабанды бақылауға алған. Ал малды әкету үшін, алдын ала көлікті дайындап қойған", - деп түсіндірді баспасөз хатшысы.

Тергеу кезінде анықталғанындай, бетпердені киіп, 12 калибрлі мылтықпен олар қораға келіп шабанды жығып, қолын байлап тастаған. Басты күдікті қолындағы мылтықпен оны күзетуге қалып, оның сыбайластары малды "Камаз"-ға тией бастаған. Алайда, бақташы арқаннан қолын босатып, үйден шығып кеткенде, артынан мылтық атылды.

С. Қаракөзова хабарлағанындай, қазір теугеу жұмыстары жүргізіліп, бұл топтың басқа қылмыстарға қатысының бары анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны