18.06.2008, 10:28 1492

ҚХР су тасқыны салдарынан кем дегенде 57 адам қайтыс болып, миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

ҚХР су тасқыны салдарынан кем дегенде 57 адам қайтыс болып, миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Алматы. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдың оңтүстігіндегі 9 провинциядағы қатты жауған жаңбыр және соның салдарынан туындаған су тасқынынан кем дегенде 57 адам қайтыс болып, 1 млн 270 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жексенбі күні ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі мен Гуандун провинциясының үкіметі жариялаған мәліметтер осыны көрсетеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Азаматтық әкімшілік министрлігі сенбі күнгі сағат 21:00-дегі мәлімет бойынша тасқын салдарынан 55 адам қайтыс болып, тағы 7 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында екенін атап көрсетті. Тасқын мен оның салдарынан 17,87 млн адам зардап шеккен. Жексенбі күні Гуандун провинциясында тасқын құрбандарының саны 2 адамға көбейген. Осылайша, елдегі тасқын құрбандарының жалпы саны 57 адамды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны