17.06.2008, 10:28 1076

ҚХР-да Алматыдан 312 шақырым жерде ошағы тіркелген жер сілкінісі болды

ҚХР-да Алматыдан 312 шақырым жерде ошағы тіркелген жер сілкінісі болды

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР-да Алматыдан 312 шақырым жерде ошағы тіркелген жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 16 маусымда 20 сағат 45 минутта ҚХР аумағында энергетикалық классы 11,3 болған жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы Алматыдан шығысқа қарай 312 шақырымда болды. Жер асты дүмпулері Шонжыда (2 балл) тіркелді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны