13.01.2021, 22:08 17476

"Киік" акциясы нәтижесінде 17 қылмыстық іс қозғалды

17 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 3-сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануы бойынша іс тіркелді.
Нұр-Сұлтан. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2020 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында "Киік" кең ауқымды табиғат қорғау акциясы өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторлар құрамы "Киік" кең ауқымды акциясын жүргізу кезінде 17 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 14 киік дериваттарын заңсыз қолдану бойынша және 3-сирек кездесетін жануарлар (арқар, қарақұйрық) түрінің заңсыз аулануы бойынша іс тіркелді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 
ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес, "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалануға" 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 

Сіздерден браконьерлік жасау немесе жоспарлау фактісі туралы ақпарат болған жағдайда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің шұғыл желісіне 8 777 678 52 52 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз", - деп қосты министрлікте. 

 
 "Киік" акциясы - ақбөкендердің браконьерлігіне, олардың дериваттарын сатуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейту мақсатындағы дәстүрлі шара.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны