02.10.2009, 15:35 4244

Қырғыз депутатын өлтіруге Қазақстандағы қылмыстық топтар күдікті деп танылуда

Қырғыз депутатын өлтіруге Қазақстандағы қылмыстық топтар күдікті деп танылуда

Бішкек. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қырғыз парламентінің депутаты Руслан Шабатоевты өлтіруге Қазақстандағы қылмыстық топтар күдікті деп танылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Todaу Қырғызстан ІІМ Бас қылмыстық іздестіру басқармасының бастығы Бакыт Парманкуловқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оның мәйіті жоғалып кеткеннен дәл бір жыл өткенде, Чу облысының Аламудун ауданы Башкара-Суу ауылының маңында 30 қыркүйекте табылған. Тергеу эксперименті кезінде оның жерленген жерін ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталған жетекшісі Жумабек Зикирбаев айтып берген. Депутаттың мәйіті оның қолындағы швейцар сағаты мен киген киімдеріне қарай танылды. Олар Р. Шабатоевтың жоғалып кеткен кезде киген киімдерінің сипаттамасына сай келеді. "Алайда, сот-медициналық сараптама жасалады, оның нәтижесі бір айдың ішінде дайын болады, табылған мәйіттің кім екендігі содан кейін мәлім болады", - деп хабарлайды Қырғызстан ІІМ.

Б. Парманкуловтың айтуынша, депутаттың өліміне оның коммерциялық-қаржылық байланыстары мен Қазақстан азаматтарына берешегі себеп болған. "Ж. Зикирбаевтың айтуынша, Қазақстандағы бір қылмыстық топтың мүшелері оған хабарласып, қарызды қайтарып алу үшін Р. Шабатоевпен кездестіріп беруді сұраған", - деді Б. Парманкулов.

Ж. Зикирбаевтың жауаптарына қарағанда, олар бастапқыда Р. Шабатоевты өлтіруге ниеттері болмаған, алайда, жаңжал барысында оны Айдос есімді Қазақстан азаматы Макаров тапаншасы болуы мүмкін қарумен атып тастаған.

Қырғызстан ІІМ Модомус Конгантиевтің бұдан бұрын хабарлағанындай, Қазақстанның бір азаматы Р. Шабатоевтың серіктесі болған. Р.Шабатоев одан қарызға 300 мың доллар алған. Кейін белгілі болғанындай, бұл ақша Бішкектегі бір ықшамауданда үй сатып алуға жұмсалып, ол үй кейін 800 мың долларға сатылып кеткен.

Депутатты жерлеу рәсімі ертең Чу облысының Иссык-Ата ауданы Эпкин ауылында өтеді. Депутат өткен жылдың 30 қыркүйегінде жоғалып кеткенін еске сала кетейік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны