14.08.2006, 12:31 2930

Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында апаттан 9 адам қаза тапты

БІШКЕК. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда Бішкек-Ош тас жолында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан 9 адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 13-тамызда Чу облысында, Сосновка ауылының маңында 16 сағат 30 минутта болған. Оңтүстікке бет алған "Ауди-100" автокөлігі мен Бішкекке бет алған "Нива" автокөлігі соқтығысып қалды.

Апат салдарынан екі автокөлікте отырған жолаушылар мен жүргізушілер, барлығы 8 адам оқиға орнында мерт болды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны