02.03.2010, 15:04 3323

Қырғызстанда бүгін екінші рет жер сілкінісі болды

Қырғызстанда бүгін екінші рет жер сілкінісі болды

Бішкек. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Нарын облысында бүгін екінші рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының Сейсмология институтына сілтеме жасап.

Сейсмология институтының мәліметінше, сілкініс ошағында дүмпу қуаты 4 балл болған. Сілкініс ошағы Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымда, Кочкор ауылынан батысқа қарай 20 шақырымда тіркелген. "Дүмпу қуаты Чолпон және Эпкин ауылдарында 4 балл, Кочкор ауылында - 3,5 балл, Балыкчы қаласы мен Жумгал ауылында 3 балл болды".

Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанның солтүстігінде бүгін таңертең 6 балл қуаты бар жер сілкінісі болды.

Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі сағат 07.55-те болған. Сілкініс ошағы Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымда, Кочкор ауылында тіркелген. "Дүмпу қуаты ошағында 5 - 6 балл, Кант қаласында - 4 және Бішкекте - 3 балл құрады", - деп хабарлайды Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының Сейсмология институты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны