26.01.2011, 18:05 3798

Қырғызстанда ІІМ ардагерінен 40 кг астам героин тәркіленді

Қырғызстанның Шу облысында ІІМ ардагерінен 40 кг астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бішкек. 26 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Шу облысында ІІМ ардагерінен 40 кг астам героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24-қаңтар күні Жайыл ауданының "Сосновка" бекетінде ауыр есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Қырғызстанның азаматы, отставкадағы милиция майоры ұсталған. Онымен бірге Тәжікстанның бір азаматы да ұсталған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған азаматтардан 40 кг астам героин тәркілеген. Белгілі болғандай, ұсталғандар Қырғызстан аумағы арқылы Ресейге бет алған. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны