24.09.2009, 16:09 1716

Қырғызстанда жер сілкінісінің қуаты 5 - 6 балл болды

Қырғызстанда жер сілкінісінің қуаты 5 - 6 балл болды

Бішкек. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қырғызстанда жер сілкінісінің қуаты 5 - 6 балл болды, жер асты дүмпулері Алматыда да сезілді. Бұл туралы Қырғызстанның Сейсмология институтының директоры Қанатбек Абдрахматов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, жер сілкінісінің ошағы Ыстықкөл облысының Тамга ауылы маңында, Қаракөлден оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырымда, Бішкектен 140 шақырымда және Алматыдан 135 шақырымда болған.

"Қазір мәліметтер өңделуде, қазіргі жағдаймен тұрғын үйлерге көп зақым келгені белгілі болып отыр", - деді Қ. Абдрахматов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны