10.10.2011, 11:27 4263

Қырғызстанда жолаушылар көлігін кепілге алған лаңкестің көзі жойылды

8 қазан күні шамамен кешкі сағат 17-18-де Ош облысы Қарасу ауылында қаруланған қылмыскер жүргендігі туралы жедел ақпарат келіп түседі.

Бішкек. 10-қазан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда жолаушылар көлігін кепілге алған лаңкестің көзі жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қырғыз Республикасы ІІМ хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 8 қазан күні шамамен кешкі сағат 17-18-де Ош облысы Қарасу ауылында қаруланған қылмыскер жүргендігі туралы жедел ақпарат келіп түседі.

Оны қолға түсіру үшін Қырғызстанның милиция және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлерінен құралған топ әлгінің тұрғылықты жеріне аттанады.

Алдын ала болжам бойынша, қаруланған ер адам радикалды ислам ұйымының мүшесі болған. Ол өз үйінде қарудан оқ атып, қолға түсіру барысында қарсылық танытқан. Лаңкес Ош қаласына бара жатқан жолаушылар көлігіндегі адамдарды тұтқынға алған. Дегенмен, қаладан шығар кезде оны қолға түсіру операциясы жүргізілді. Атыс кезінде лаңкес қаза тапты. Оның жеке тұлғасы анықталуда, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны