12.07.2007, 15:22 2679

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жартастың бір бөлігі жолға құлады

БІШКЕК. 12-шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Ақсу ауданында жартастың бір бөлігі жолға құлады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тас құлау оқиғасы Қаракөл - Энильчек тас жолының 110-шы шақырымында болған. 20 мың текше метрге жуық тау жынысы жолды бөгеп қалған. Сонымен бірге сел жүріп, 110-шы және 134-ші шақырымдардың аралығындағы тас жолды шайып кетті. Қазіргі жағдаймен жол жабық.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, құүрбан болғандар жоқ, нақты ахуал анықталу үстінде", деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны