05.12.2007, 17:24 3214

Қырғызстанның құқық қорғау органдары журналист Алишер Саиповты өлтірген адамның ізіне түсті

Қырғызстанның құқық қорғау органдары журналист Алишер Саиповты өлтірген адамның ізіне түсті

Бішкек. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының құқық қорғау органдары 24-қазанда Қырғызстанның Ош қаласында журналист Алишер Саиповты атып өлтірген адамдардың ізіне түсті. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бас басқармасының бастығы Мелис Турғанбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республиканың Ішкі істер министрлігі А. Саиповты өлтірді деген күдікпен екі адамның суретін анықтады. Бұлар спорт киімдерін киген екі жас жігіт, сурет кездейсоқ түсірілген, белгілі болғандай, олар екі күн бойы журналист өлтірілген жердің маңында жүрген. Олардың республика азаматтары емес екендігі нақты белгілі болды. Қазір біз көршілес мемлекеттерге оларды іздеп табуға көмек көрсетуды өтіндік",- деп хабарлады Мелис Турғанбаев.

Оның айтуынша, А. Саиповтың іс-қызметіне жүргізіліп жатқан бухгалтерлік аудит оның шетелден қаржы-қаражат алу көзін, Өзбекстаның қазіргі президентін биліктен тайдыруды насихаттайтын үндеу хаттарды алу көзін анықтауға көмектеседі. Ол сондай-ақ, болжам бойынша журналистті атып өлтірген қару иесінің тұтқындылғандығы туралы, сондай-ақ қазірде баллистикалық сараптама жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта Қырғызстан Республикасының құқық қорғау органдары осы оқиғаның негізгі бірнеше болжамдарын қарастыруда. "Сөз аталмыш қылмысқа А. Саипов өкілдерімен тығыз байланыста болған өзбек оппозицияларының, "Хизб-ут-Тахрир" тыйым салынған қозғалысының, Өзбекстанның ислам қозғалысының қатысты болуы туралы, сонымен қатар криминалдық жаңжалдың салдары туралы болып отыр. Бұл іске Өзбекстанның арнайы қызметінің қатысты болуы да жоққа шығарылмайды. Басты қорытынды, бүгінге дейінгі негізгі жетістік - А.Саиповты өлтіру оның кәсіби іс-қызметіне байланысты екендігін анықтау. Ол Өзбекстанда болып жатқан қазіргі жағдайға қатаң сын таққан болатын",- деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Журналист А. Саипов "Фергана.Ру", "Радио Свобода", "Голос Америки" атты ақпараттық агенттіктермен ынтымақтастық жасасып, Қырғызстан мен Өзбекстанда болып жатқан ағымдағы оқиғаларды басылымға шығаратын өзбек тіліндегі "Политика" газетінің редакторы болып қызмет атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны