12.10.2009, 11:56 1718

Қырғызстанның солтүстігінде қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанның солтүстігінде қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 12 қазан. Kazakhstan Today - Қырғызстанның солтүстігінде қуаты 4 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 қазанда сағат 12.25-те Қырғызстан аумағында қуаты 4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Шу облысының Кант қаласынан 5 шақырым жерде, Бішкек қаласынан шығысқа қарай 20 шақырымда тіркелген. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны