26.12.2007, 16:56 3108

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысындағы жер сілкінісіне байланысты жоғары дайындыққа көшкен

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысындағы жер сілкінісіне байланысты жоғары дайындыққа көшкен

Алматы. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысындағы жер сілкінісіне байланысты жоғары дайындыққа көшкен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі 24.kg қырғыз ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, төтенше жағдай болған аймаққа осы аумақта алдын ала тексеру жүргізу үшін жедел топ жіберілген. Оның құрамына мониторинг, төтенше жағдайларды болжау департаментінің мамандары, психологтар, құтқарушылар, өртке қарсы қызмет басқармасының өкілдері кірген.

Жер сілкінісінің кіндігі Ош қаласынан 25 шақырымда және Бішкек қаласынан 280 шақырымда орналасқан Ош облысының Алай ауданында болғандығы белгілі.

Бүгін 10 сағат 45 минутта Көк-Бел аулында 6 балл, Қырғыз-Ата, Қара-Баш ауылдарында 5,5 балл, Қызыл-Кие, Джалал-Абад қалаларында 4 балл жер асты дүмпуі тіркелген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны