03.04.2009, 18:48 3234

Кісі қолынан қаза тапқан Қазақстан азаматына тиесілі, Алматы облысынан айдап әкетілген автокөлік Қырғызстанда табылды

Кісі қолынан қаза тапқан Қазақстан азаматына тиесілі, Алматы облысынан айдап әкетілген автокөлік Қырғызстанда табылды

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Екі елдің құқық қорғау органдары кісі қолынан қаза тапқан Қазақстан азаматына тиесілі, Алматы облысынан айдап әкетілген автокөлікті Қырғызстаннан тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қырғызстанның ІІМ-нің бас қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері Қазақстанның Алматы облыстық ІІД-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қырғызстанның Чу облысының Сокулук ауданының Орок ауылында Қазақстан азаматы А.Ертөринге тиесілі "БМВ-728" көлігін тауып тәркіледі. Оның мәйіті 2009 жылдың 17 наурызында Алматы облысының Қарасай ауданының аумағынан табылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны