23.07.2007, 11:36 1053

Қытайда жер сілкінісі салдарынан 2 мыңдай үй бүлініп, 8250 адам басқа жаққа көшірілді

АЛМАТЫ. 23 шілде. Kazakhstan Today. Қытайда 20-шілдеде Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағында болған жер сілкінісі салдарынан 2 мыңдай үй бүлініп, 8250 адам басқа жаққа көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

22-шілдедегі 11 сағаттағы мәліметпен 20 шілдеде Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағының Текес уезінде Рихтер шкаласымен қуаты 5,7 балл болған жер сілкінісінен адамдар құрбан болған жоқ, бірақ, зілзала салдарынан 2120 үй қирады. Бүгінге дейін 8250 тұрғын басқа жаққа көшіріліп, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, бұл туралы Синьхуа агенттігіне Текес уезінің басшылығынан хабарлаған.

Сонымен бірге, жер сілкінісі уезд аумағындағы төрт көпірді қиратты, атап айтсақ, Текес өзені арқылы өтетін ұзындығы 88 метрлік көпір қирады.

Осы орайда еске салсақ, өткен жұмада қуаты 2 - 3 балл болатын жер сілкінісі Алматыда да сезілген, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны