29.06.2012, 11:57 3475

Қытайдағы лай көшкінінен 3 адам қаза тапты

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, тағы 40 шақты адам батпан су мен балшықтың астында көміліп қалған болуы мүмкін. Қаза тапқандар мен жоғалғандардың барлығы электр стансасының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болса керек. Соңғы аптада Қытайдың бірқатар аймақтарында толассыз жауын жауып жатыр.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - Қытайдағы лай көшкінінен 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы электр стансасы маңында лай көшкіні жүріп, апаттан үш адам қаза тапты.

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, тағы 40 шақты адам батпан су мен балшықтың астында көміліп қалған болуы мүмкін. Қаза тапқандар мен жоғалғандардың барлығы электр стансасының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болса керек. Соңғы аптада Қытайдың бірқатар аймақтарында толассыз жауын жауып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай жауын салдарынан жүрген су тасқынынан оннан астам адам қаза тауып, миллиондаған адам зардап шеккен. Исіресе Гуандун елд-мекенінде жағдай өте ауыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны