16.09.2011, 11:40 3801

Қызылорда облысында автоцистернаның аударылуы салдарынан мұнай төгілді

Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы "Кеңлік" кенішінде 15 қыркүйекте түстен кейін "Нимекс Транс" ЖШС-нің "КамАЗ" маркалы автоцистернасы аударылып, 141 шаршы метр жерге 29 текшеметр мұнай төгілген.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында автоцистернаның аударылуы салдарынан мұнай төгілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы "Кеңлік" кенішінде 15 қыркүйекте түстен кейін "Нимекс Транс" ЖШС-нің "КамАЗ" маркалы автоцистернасы аударылып, 141 шаршы метр жерге 29 текшеметр мұнай төгілген.

Төтенше оқиға "Саутс-Ойл" ЖШС учаскесінің иелігіндегі жерде болған. Төтенше жағдайды жою үшін Қызылорда облысы ТЖД-ның 3 адамы және 1 бірлік техникасы; "Саутс-Ойл" ЖШС-нің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Кешке қарай төгілген мұнайды жою және басқа цистернаға құю жұмыстары толық көлемінде аяқталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны