20.06.2007, 09:53 1145

Қызылорда облысында бір әйел "қырым-конго қанды безгегі" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының Бидайкөл ауылынан бір әйел "қырым-конго қанды безгегі" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 37 жастағы әйелді "қырым-конго қанды безгегі" деген диагнозбен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 18-маусымда сағат 12-де жатқызған. "Науқастың жағдайы өте ауыр", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Дерт ошағында жұқпалы аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолданылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны