04.05.2007, 09:12 2586

Қызылорда облысында бір ер адам поездың астына түсіп қалды

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында бір ер адам поездың астына түсіп қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Шиелі ауданында, қала үлгісіндегі Шиелі ауылында болған. 4-мамырда 1 сағат 30 минутта Сексеуілбек-Түркістан арасында қатынайтын №616 поездың астына 25-30 жас шамасындағы жігіт түсіп қалды. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Темір жол көлігінің қозғалысы 23 минутқа үзілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны