24.08.2006, 10:13 3028

Қызылорда облысында екі адам қырым-қанды безгегі деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында екі адам қырым-қанды безгегі деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Шиелі ауданының екі тұрғынын да кене шағып алған. Ақмай ауылының 53 жастағы тұрғыны аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 21-тамызда жатқызылған. Ертеңінде 1-мамыр атындағы кенттің 13 жастағы тұрғыны Қызылорда облыстық ауруханасына жатқызылды.

"Қазір жұпалы ауру ошақтарында мемлекеттік санитарлық қадағалау жөніндегі облыстық департаментінің мамандары эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыруда",- деп хабарлайды министрлік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны