02.02.2012, 11:29 2885

Қызылорда облысында мектеп-интернаттың жатақханасында өрт шықты

Өрт Қазалы ауданының Шәкен елді мекеніндегі №134 мектеп-интернатта шыққан. "1 ақпан күні 18.19 сағатта мектептен бөлек орналасқан бір қабатты жатақхана ғимаратында өрт басталды. Өрт сағат 20.38 өшірілді", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Қазалы ауданында мектеп-интернаттың жатақханасында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Қазалы ауданының Шәкен елді мекеніндегі №134 мектеп-интернатта шыққан. "1 ақпан күні 18.19 сағатта мектептен бөлек орналасқан бір қабатты жатақхана ғимаратында өрт басталды. Өрт сағат 20.38 өшірілді", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Өртті өшіруге ауылдық округтен 23 адам қатысқан. Олар төтенше жағдайлар бөлімі өрт бөлімшесі келіп жеткенге дейін тілсіз жауды ауыздықтап үлгерген.

Құрбан болғандары мен одан зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны