14.05.2010, 09:46 1173

Қызылорда облысында сегіз жасар қыз каналға батып кетті

Қызылорда облысында сегіз жасар қыз каналға батып кетті

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Сырдария ауданында сегіз жасар қыз каналға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "13 мамырда сағат 12.25-те Ақжарма елдімекеніндегі Ақжарма каналына сегіз жасар қыз абайсыздықтан батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды".

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 20.30-да Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданы Зеленое кентіндегі Крутка өзеніне қайықтың аударылуы салдарынан 31 жастағы ер адам батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны