18.03.2008, 14:54 3396

Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апат салдарын жою жұмыстары аяқталды

Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде апат салдарын жою жұмыстары аяқталды

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде "Саутс Ойл" ЖШС №8 ұңғысында өртті ауыздықтау жұмыстары 17 наурызда аяқталды, деп хабарлайды "Ақ Берен" РМКК бөлімшесінің қызметкерлері.

Ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша жалындв "Ақ Берен" қызметі өшірді. Құтқарушылар Кеңлік кенішінің № 8 ұңғысындағы апатты тәулік ішінде толық ауыздықтауға бел буып отыр", -деп хабарлады бүгін Қызылорданың РМКК бөлімшесінде.

Арнайы комиссия апаттың себеп- салдарын зерттеуге кірісті. Табиғатты қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемін анықтайтын болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қызылорда облысындағы Кеңлік кенішінде 9 наурызда 2 сағат 30 минутта газ қоспасы бар мұнай атқылап, артынан ол тұтанып кетті. Бұрғылау жұмыстарын "Сырдария Мұнай" АҚ жүргізіп жатқан ұңғының жобалық тереңдігі 1550 метр болса, забой тереңдігі 1507 метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ.

"9 наурызда 2 сағат 30 минутта Қызылорда облысының ТЖ департаментіне №8 ұңғысында газ- мұнай қоспасы атқылағаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Дабыл бойынша "Ақ Берен" РМКК қызылорда бөлімшесінің шұғыл тобы оқиға орнына жеткізілді", - деп хабарлады бөлімше командирі Нұрбек Момынов.

Апат болған жерге келген құтқарушылар диаметрі 15 және биіктігі 30 метрге жететін мұнай-газ от бұрқағына тап болды. Жел басылғанда ол 70 метр биіктікке дейін көтеріліп отырған. Бұрғы мұнарасы жерде жатты, қалған құрал- жабдықтар отқа оранды", -деп әңгімеледі отряд командирінің орынбасары Қадырболат Оспанғалиев.

Құтқарушылар тұрғын үй ретінде пайдаланылған вагондар мен отын майларына арналған көлемдерді қауіпсіз жерлерге жеткізді. Сонымен қатар,ұңғы тұрған территория бұрғылау құралдарынан тазартылды. Бұл жұмыстарға отрядтың 14 сарбазы мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.

"Тоқтаусыз құйылған су да жоғары қысымдағы от фонтанын сөндіруге көмек бермеді. Тіпті арнайы костюмдермен де от көзіне 15 метрге дейін жақындауға мүмкіндік болмады. Жұмыс істеп жатқан техника үнемі сумен суытылып отырды", - деді құтқарушылар.

Аймақтық өртке қарсы қызметінің күшімен отты ауыздықтауға мүмкіндік болмағандықтан, апатты жағдайды жою штабының отырысында республикалық "Ақ Берен" қызметінің бас кеңсесінен көмек сұрау жөнінде шешім қабылданды. Атыраудан апат орнына арнайы өрт техникасы жеткізілді. Кеше жарты сағаттың ішінде өртке қарсы агрегат өртті өшірді, деп хабарлады құтқарушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны