08.11.2010, 14:21 3714

Қызылордада көлік апаты салдарынан бес адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Қызылордада көлік апаты салдарынан бес адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - қараша. Kazakhstan Today - Қызылордада көлік апаты салдарынан бес адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 6-қараша күні сағат 18.33 Қызылордада Қызылорда-Жалағаш тасжолында "Опель" мен "Ауди" көліктері соқтығысып, соның салдарынан "Ауди" машинасы өртеніп кеткен.

Апат салдарынан 25 және 26 жастағы екі көліктің жүргізушісі, сондай-ақ олардың 27, 59 және 45 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болған. Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысының ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 қызметкері мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ "ЮРАОСО" Мемлекеттік мекемесінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, сондай-ақ ҚР ТЖМ-ның облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Шұғыл құтқару жасағының 4 қызметі мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны