11.05.2010, 14:03 2911

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 28 адамға жетті

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 28 адамға жетті

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабековаға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 9 мамырда Қызылорданың "Шұғыла" ықшамауданындағы №13 үйдің 78-ші пәтерінен жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылған болатын.

"Кеше біз тағы да осындай тамақтан улану белгілерімен үш адамды жатқызуға мәжбүр болдық", - деді аурухананың бас дәрігері. Оның айтуынша, қазір "ауруханада қаланың 28 тұрғыны емделуде".

"Эпидемиологиялық тексеру қорытындысы көрсеткендей, олардың бәрі де соның алдындағы күні Тереңөзек аудан орталығында болған", -деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тамақ нысандарын қадағалау бөлімінің бастығы Сәбира Ахметова. Оның айтуынша, "Тереңөзекте ас берілген жерге негізінен Қызылорда қаласынан 150 адам шақырылған, олардан 100 адам келген".

Санитарлық дәрігерлер осы тізімдегі 70 адамды тауып сұрастырды. Олардың бәрі де астан кейін ауырып қалған. Басым бөлігі мереке күндері өз беттерімен емделген және бүгін жұмысқа шыққан. "Тамақтан уланудың ауыр түрімен қазір 30 адам жатқызылды. 28 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, тағы екеуі Сырдария аудандық ауруханасына жатқызылған", - деді С. Ахметова.

"Қазір тамақ сынамаларына зертханалық тексерулер аяқталып келеді. Улану себептері содан кейін анықталады", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Оның қорытындысын дәрігерлер ертең хабарламақшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны