12.05.2010, 12:51 1694

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғандар саны 100 адамнан асты

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғандар саны 100 адамнан асты

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғандар саны 109 адам болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабековаға сілтеме жасап.

Қ. Балабекова 9 мамырда Қызылорданың "Шұғыла" ықшамауданынан жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғанын еске салды. "11 мамырдағы жағдаймей ауруханада тамақтан улану белгілерімен қаланың 28 тұрғыны емделіп жатқан болатын. Өткен тәулікте тамақтан уланған науқастар саны 34 адамға дейін өсті, ал бүгін Тереңөзек кентінен тағы да 38 адам келеді деп күтілуде", - деді ол.

Оның айтуынша, "бұған дейін 37 адам жатқызылған аудандық аурухана енді науқастарды қабылдай алмай толып қалған".

"Эпидемиологиялық тексеру қорытындысы көрсеткендей, олардың бәрі де соның алдындағы күні Тереңөзек ауданы орталығында аста болған", -деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тамақ нысандарын қадағалау бөлімінің бастығы Сәбира Ахметова. Оның айтуынша, "Тереңөзекте ас берілген жерде дәстүрге сай әрбір 100 қонаққа астан кейін үстелден ас-ауқат салып берілуі жағдайды одан бетер ушықтырып жіберген".

Дәрігерлердің айтуынша, "науқастар орташа ауыр жағдайда". Оқыс оқиғаның себептерін анықтау үшін арнаулы комиссия құрылды.

Бір жорамалға сәйкес, халықтың жаппай улануына сапасыз ет себеп болған. "Зертханалық тексерулер кешке таман аяқталады, сол кезде тек алдын-ала нәтижелерін ғана ала аламыз", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқандар саны 46 адамға жетті деп хабарлады.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, "10 - 11 мамырда 39 адам, соның ішінде 8 бала ауруханаға жатқызылған. Қазір ауруханаларда барлығы 46 адам жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық".

Еске сала кетейік, 9 мамырда Қызылорданың "Шұғыла" ықшамауданынан жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны