13.05.2010, 17:55 3038

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғандар саны 132 адам болды

Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғандар саны 132 адам болды

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада тамақтан уланып ауруханаға жатқызылғандар саны 132 адам болды, соның ішінде 22-сі - балалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабековаға сілтеме жасап.

"Олардың бәріне де "өткір ішек жұқпасы" деген алдын-ала диагноз қойылды", - деді Қ. Балабекова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9 мамырда Қызылорданың "Шұғыла" ықшамауданынан жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды.

"Өткен тәулікте ауруханада тамақтан улану белгілерімен жатқызылған адамдардың саны 78 адамға жетті. Кеше Тереңөзек кентінен бірден 44 адам келіп жатты", - деді Қаракөз Балабекова.

Оның айтуынша, "бұған дейін 54 адам жатқызылған аудандық аурухана науқастарды қабылдай алмай толып қалған".

"Эпидемиологиялық тексеру қорытындысы көрсеткендей, олардың бәрі де соның алдындағы күні Тереңөзек ауданы орталығында аста болған", -деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тамақ нысандарын қадағалау бөлімінің бастығы Сәбира Ахметова. Оның айтуынша, "Тереңөзекте ас берілген жерде дәстүрге сай әрбір 100 қонаққа астан кейін үстелден ас-ауқат салып берілуі жағдайды одан бетер ушықтырып жіберген".

Қазір оқиға орнында республикалық және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың мамандары жұмыс істеп жатыр, тексеруге 135 сынама, тамақ пен ауыз судың 25 үлгісі алынды.

Мұндай халықтың жаппай улану себептерін анықтау үшін арнаулы комиссия құрылды. "Зертханалық тексерулер аяқталып қалған және дәрігерлердің бақылау нәтижелері анықтала бастаған қазіргі кезде палау мен басқа да тамақтың сальмонелламен зарарлануы басты себеп болды деген жорамал пайда болды. Сальмонелла көзі де анықталды. Бацилланы аста аспаз болған жергілікті жұмыссыз әйел таратқан. Ал оның өзі ауырып жатқан жоқ", - деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.

"Оқыс оқиғаның барлық жай-жапсарын жергілікті прокуратура да тексер бастады", - деді Сырдария ауданының прокуроры Төлеген Ислам.

Ал Тереңөзек ауданы орталығында дене қызуы көтерілгендер әлі де анықталып жатыр. "Олар да біздің ауруханаға түсу мүмкіндігін жоқа шығаруға болмайды", -деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қ. Балабекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны