08.04.2011, 12:05 3415

Қызылордада жанармай құйылған цистернаның өртенуі салдарынан бір адам зардап шекті

Қызылордада жанармай құйылған цистернаның өртенуі салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада жанармай құйылған цистернаның өртенуі салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7-сәуір күні сағат 15.00 "Қор" АҚ-ның аумағындағы темір жол бойында тұрған 30 тонна жанармай құйылған цистернада (сыйымдылығы 60 тонна) өрт шыққан. Цистерна жылдам тұтанатын сұйықтықтары бар 16 цистернаның құрамында тұрған болатын. Олардың 15 - мұнай, 1 - жанармай болған.

Өрттің салдарынан "Қор" АҚ-ның 43 жастағы жұмысшысы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖД өртке сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылып, жарты сағатта ауыздықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны