30.04.2007, 10:04 7798

Қызылордадағы жұқпалы аурулар ауруханасында тамақтан уланған 11 бала жатыр

АСТАНА. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Қызылордадағы жұқпалы аурулар ауруханасында тамақтан уланған 11 бала жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"29-сәуір күнгі 20 сағаттағы жағдаймен Қызылорданың облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 11 адам, соның ішінде №8 мектеп интернаттан 4 бала, облыстық балаларға арналған құрт ауруына қарсы шипажайынан 1, сондай-ақ, тұрғылықты жерлерінде "Ақнұр" ЖШС-нің сүт өнімдерінен уланған 6 бала жатыр",- деп хабарлайды мекеме. Министрліктің ақпаратына сәйкес, балалардың жағдайы орташа.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордаға республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарынан үш профессор практикалық көмек көрсетуге келді.

Облыстық әкімшіліктің түсініктемесіне сәйкес, аурудың таралуына тосқауыл қойылды, жұқпалы ауруға қарсы шаралар жалғасуда. Оқиға орындарында басқа балалар дәрігерлік бақылауға алынып, жаңадан науқастар анықталған жағдайда хабар беру схемасы мен іс-әрекеттер алгоритмі дайындалды.

Сонымен бірге балалардың сүт өнімдерінен жаппай улану дерегі бойынша Қызылорда облыстық прокуратурасы "Ақнұр" ЖШС-нің үстінен қылмыстық іс қозғап тексере бастады. Шағын сүт зауытының іс-қызметіне тыйым салу туралы қаулы шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны