31.03.2014, 19:55 49636

Көкпекті ауылындағы эвакуацияланған барлық адамдар өз үйлеріне оралды- ТЖМ

Аула-ауланы аралау жұмысы жүргізілуде, келтірілген шығын анықталуда. ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері үйлердегі жерқоймалардан суды шығару, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Көкпекті ауылынң эвокуацияланған тұрғындары үйлеріне оралды.

Қарағанды облысы Көкпекті ауылында ТЖ-ны жою бойынша жұмыс жалғасуда. Құрамында ТЖМ бөлімшелері, ІІД, әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бар он төрт топ 14 бағыт бойынша тексеру ұйымдастырды, деп ТЖМ-де хабарлады.

Аула-ауланы аралау жұмысы жүргізілуде, келтірілген шығын анықталуда. ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері үйлердегі жерқоймалардан суды шығару, аумақты тазарту жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ТЖ министрі облыс әкімімен бірге аула-ауланы аралап халықпен кездесті, азаматтардың сұрақтарына жауап берді, қаза болған адамдардың туыстарына көңіл айтты.

ТЖ-ны жоюға ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 170-ден астам адам мен 26 бірлік техника, 4 қайық, сондай-ақ ІІ басқармасынан 20 адам мен 4 бірлік техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны