07.09.2011, 12:10 2929

Көкшетауда мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат салдарынан 26 қауіпсіз жерге көшірілді

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел әрекетету қызметінің мамандары 26 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Көкшетау. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today - Көкшетауда мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат салдарынан 26 қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше Көкшетауда кезекші пультіне "Сармат" мейрамханасының ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар түскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлаған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел әрекетету қызметінің мамандары 26 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Төтенше оқиғаның алдын алуға жедел әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 18 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны