05.04.2011, 13:33 1847

Конгода БҰҰ миссиясының ұшағы апатқа ұшырап, 32 адам қаза тапты

Конгода БҰҰ миссиясының ұшағы апатқа ұшырап, 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - Конгода БҰҰ миссиясының ұшағы апатқа ұшырап, 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, апаттан бір адам ғана аман қалған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілі Фархан Хак мәлімдеген.

Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз. Ұшу-қону алаңынан шығып кеткен ұшақ кенеттен екіге бөлініп, өрт шыққан.

Кисан-гани-Киншаса бағытындағы ұшақ ішінде болған 33 адамның үшеуі экипаж мүшесі. Жолаушылар арасында шетел азаматы мен жергілікті тұрғындар да болған. Ұшақ Грузияның "Эйрзена Джорджиан Эйруэйз" жекеменшік компания тиесілі.

Компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, ұшақта техникалық ақаулар болмаған. Қазір апат болған жерде Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштері жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны