23.02.2012, 12:43 2711

"Коста Конкордия" кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс боландар саны 25 адамға жетті

Италияның "Коста Конкордия" кемесінің тағы сегіз жолаушысының денелері табылған.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - "Коста Конкордия" кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан қайтыс боландар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің британдық "Гардиан" газетіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Италияның "Коста Конкордия" кемесінің тағы сегіз жолаушысының денелері табылған.

Олардың арасында бес жасар қыздың мәйіті бар, оның есімі Дайана Арлотти болуы мүмкін. Қалған жеті мәйітке қатысты анықтау жұмысы жүргізілуде.

Осылайша, кеме апатынан құрбан болғандар саны 25 адамға жетті, тағы жеті адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны