15.06.2010, 11:56 2846

Қостанай облысында балалар мен жасөспірімдер орталығының спорт залының төбесі құлап кетті

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше 12.00 Дулатов көшесінде орналасқан 1988 жылы салынған "Жасұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығының спорт залының көлемі 144 шаршы метрді құрайтын темір бетонды төбесі құлап кеткен.

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - Қостанай облысында балалар мен жасөспірімдер орталығының спорт залының төбесі құлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кеше 12.00 Дулатов көшесінде орналасқан 1988 жылы салынған "Жасұлан" балалар мен жасөспірімдер орталығының спорт залының көлемі 144 шаршы метрді құрайтын темір бетонды төбесі құлап кеткен.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны