21.12.2010, 13:36 3417

Қостанай облысында Тәжікстанның 54 азаматы мен алты қазақстандық қар құрсауынан құтқарылды

Қостанай облысында Тәжікстанның 54 азаматы мен алты қазақстандық қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай облысында Тәжікстанның 54 азаматы мен алты қазақстандық қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 23.30 Ұзынкөл ауданының ТЖБ кезекші бөліміне Ұзынкөл - Петропавловск бағытында жүріп келе жатып бұзылып қалған автобуста 54 жолаушының қалғандығы туралы хабар келіп түскен. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары.

Ұзынкөл ауданының ТЖБ күшімен адамдардың барлығы қауісіз жерге жеткізілген. Түнгі сағат 02.25 барлық жолаушылар Троебратский аулындағы орта мектепке орналастырылған.

Сонымен қатар, ТЖМ хабарлауынша сағат 23.40 Қарабалық аудынының ТЖБ кезекші бөліміне Челябинск - Рудный бағытына бет алған микроавтобус бұзылып, онда 6 жолаушының қалғандығы туралы хабар келіп түскен.

Адамдар түгелдей қауіпсіз жерге жеткізіліп, Қарабалық ауданының "Жас Талап" интернатына орналастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны